Оқушылардың кітапқа деген сүйіспеншілігін ояту өте маңыздым – министр

24 Қазан 2022, 18:05
1749
Бөлісу:
Оқушылардың кітапқа деген сүйіспеншілігін ояту өте маңыздым – министр

Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов әлеуметтік желіде жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Енді елімізде жаңа кәсіби мереке - Кітапханашылар күні атап өтіледі. Кітапханашыларымыздың еліміздің білім мен мәдениетін дамытуға қосып жүрген үлесін атап өткен жөн. Өңірлерге іссапармен барғанда міндетті түрде мектеп кітапханаларын аралаймын. Сонымен қатар кітапханашылармен әңгімелесіп, кітапханалардың көркем әдебиетпен қамтамасыз етілуін, жөндеу және жабдықтау жұмыстары қалай жүргізіліп жатқанын тексеремін. Бұл шаралардың барлығы Президенттің тапсырмасы бойынша «Оқуға құштар мектеп» республикалық жобасы аясында жүзеге асырылып жатыр, – деді министр.

Оқушылардың кітапқа деген сүйіспеншілігін ояту өте маңыздым – министр

Айтуынша, былтыр жобаны іске асыру аясында мектеп кітапханаларына 2 млн-нан астам кітап сатып алынса, биыл 1,5 млн кітап жеткізілд.

Былтыр жобаны іске асыру аясында мектеп кітапханаларына 2 млн-нан астам кітап сатып алынса, биыл 1,5 млн кітап жеткізілді. Бұл – отандық және әлем әдебиеті. Оқушыларды кітап оқуға баулу, олардың кітапқа деген сүйіспеншілігін ояту өте маңызды. Әрине, бұл жұмыстың барлығы кітапханашылардың еңбегінсіз мүмкін емес. Бүгінгі таңда еліміздің мектептерінде 8 мыңға жуық кітапханашы (7 841) жұмыс істейді. Балалармен тіл табысу, оларды кітап оқуға баулу, жарық көрген үлкен әдебиеттер ағынын шарлау, кітап қорын білу және оқушылар мен колледж студенттеріне кітап оқуға кеңес беру – үлкен интеллектуалды жұмыс. Сондай-ақ ғылыми фантастикаға да көп көңіл бөліп жатырмыз. Айзек Азимов, Рэй Бредбери, ағайынды Стругацкий және басқа авторлардың шығармалары қиялдың, ойдың дамуы үшін өте маңызды. Жыл сайын балалар көркем әдебиетін сатып алудың арқасында баспагерлер оларды мемлекеттік тілге аударуға белсене кіріскені қуантады, – деді Аймағамбетов.

Оқушылардың кітапқа деген сүйіспеншілігін ояту өте маңыздым – министр

Сондай-ақ ол әріптестерімен әңгімелескенде өз ісіне адал, кәсіби кітапханашылардың кішкентай оқырмандарымыз үшін кітапханадан ерекше бөлек әлем құрып жатқанын байқағанын айтты.

Бүгінгі мереке – осы мамандықтың қаншалықты маңызды екенін мойындау. Оқушылар мен студенттер еңбектеріңізді жоғары бағалайтынына сенімім мол. «Жайлы мектеп» жобасын іске асыру шеңберінде салынатын мектептерде заманауи жабдықтары бар кітапханалардың жаңа форматы және кітапханашылар мен оқырмандар үшін ыңғайлы кеңістікті ұйымдастыру қарастырылған. Кәсіби мереке құтты болсын, құрметті әріптестер! – деді Оқу-ағарту министрі.

Өзгелердің жаңалығы