Оқушылар буллингтен қалай қорғалады? Министр жауап берді

1 Қыркүйек 2023, 15:25
830
Бөлісу:
Оқушылар буллингтен қалай қорғалады? Министр жауап берді
Фото: Арман Мухатов - архив

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Мемлекет басшысының Жолдауындағы кәмелеттік жасқа толмағандарға қатысты жазаны күшейту бастамасына қатысты ойын айтты, деп хабарлады BAQ.KZ тілшісі.

Мектептерде тәрбие мен қауіпсіздік бойынша іс-шаралар жүзеге асырылып жатыр. Бірақ сол жұмыстарды күшейту керек. Мемлекет басшысы қауіпсіз ортаны құру жайлы айтты. Балаларға қатысты буллинг пен зорлық-зомбылықты жоюды тапсырды. Осы бағытта біз халықаралық тәжірибені зерттедік. Әсіресе, Финляндия тәжірибесіне баса назар аударылды. Qiwi бағдарламасы арқылы олар 10 жылда мектептердегі буллингті азайтуға мүмкіндік берді, - деді еліміздің бас ұстазы.

Сөзінше, қазір бұл бағдарламаны мектептерде енгізу қарастырылып жатыр. Министрдің айтуына қарағанда, білім беру саласына осы бағдарламаны енгізу арқылы мектептердегі буллингті азайту көзделіп отыр.

Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Тоқаев балаларға жасалған зорлық-зомбылық жайлы айтып, жазаны күшейтуді талап ететінін мәлімдеген болатын.

Өзгелердің жаңалығы