Оқу-ағарту министрлігі рұқсатсыз олимпиада өткізген мекемеге қатысты мәлімдеме жасады

6 Наурыз 2024, 10:37
7470
Бөлісу:
Оқу-ағарту министрлігі рұқсатсыз олимпиада өткізген мекемеге қатысты мәлімдеме жасады
Фото: BAQ.KZ - архив

Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз хатшысы Мереке Амангелдіқызы елімізде қандай олимпиадалар ресми түрде өткізілетінін айтып берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бүгінгі таңда елімізде ресми түрде ауыл оқушыларына арналған келесі олимпиадалар өткізіледі:

  • Ауыл мектептерінің 9-11(12) сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадасы;
  • Ауыл мектептеріне арналған «Мың бала» Ұлттық зияткерлік олимпиадасы;
  • IQanat Олимпиадасы.

Министрлік өкілінің айтуынша, бұл олимпиадалар тегін. Сонымен бірге ол олимпиаданы өткізуге қатысты тарап жатқан ақпараттарға қатысты министрліктің ұстанымын мәлімдеді.

Аталған ауыл оқушылары арасындағы «Дарынды 1000 бала» олимпиадасы №514 бұйрыққа енбеген және ресми іс-шара емес екенін хабарлаймыз. Облыстық білім басқармаларына мұғалімдер мен ата-аналарға түсіндіру жұмыстарын жүргізу тапсырылды. Сондай-ақ «Дарын» РҒПО осы компанияның алдағы қызметі туралы құқық қорғау органдарына хабарласып, тиісті шараларды қабылдайды, - деп түсіндірді Мереке Амангелдіқызы.

Өзгелердің жаңалығы