«Операция жасалды»: Министр зорланған егіз қыздың жағдайы туралы айтты

5 Қазан 2023, 16:03
2632
Бөлісу:
«Операция жасалды»: Министр зорланған егіз қыздың жағдайы туралы айтты
Фото: Артём Чурсинов - архив

Алматы облысында өгей нағашы атасынан қорлық көрген 3 жасар егіз қыздар мен Алматы қаласында зорланған 7 жасар оқушының жағдайы белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Айтуынша, балалардың жағдайы бақылауда.

Балалардың жағдайы – орташа ауыр. Медицина қызметкерлері балаларды қабылдаған кезде ересек балалардың зорлық-зомбылық көрсеткенін анықтады. Балалар толық тексеріліп, құқық қорғау органдарына уақытында хабар берілді. Олардың жарақатына байланысты балаларға операция жасалды, - деп атап өтті ведомство басшысы.

Сонымен қатар министр министр қай балаға қандай операция жасалғанын айтпады.

Бұл пациенттердің жеке мәліметі екенін ескеріп, қандай операция жасалғанын айта алмаймын. Олардың дене мүшесінде жарақат болғандықтан дәрігерлер тиісті операцияларды жүргізді, - деді ведомство басшысы.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматы облысы Бақанас ауылында 3 жасар егіз қызды өгей нағашы атасы зорлағаны туралы жазған болатынбыз. 

Сондай-ақ Алматыдағы мектепте 7 жасар оқушының зорланғаны белгілі болған.

Сондай-ақ, бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Республикалық педагогтер съезінде Ішкі істер министрлігі, Бас прокуратура балалардың қауіпсіздігіне қатысты өздеріне жүктелген міндетті дұрыс атқаруға тиіс екенін айтқан болатын. Тоқаев Президент әкімшілігіне қылмыс жасағандарды заң жүзінде жазалау үшін осындай жағдайлардың бәрін айрықша бақылауға алуды тапсырды.

Өзгелердің жаңалығы