Оны мойындауымыз керек. Депутат рухани құлдырауға қатысты пікір білдірді

18 Наурыз 2021, 17:09
1473
Бөлісу:
Оны мойындауымыз керек. Депутат рухани құлдырауға қатысты пікір білдірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Рухани даму және ұлттық дәстүрлерді сақтау» тақырыбында өткен дөңгелек үстел отырысында Парламент Мәжілісінің депутаты Берік Әбдіғалиұлы жаһандану заманындағы құлдырау туралы пікір білдірді. 

Бүгінгі күннің өзектілігі - даму және сақтау. Өкінішке қарай, қоғамдағы даму процестерімен бірге дәстүрімізде жат іс-қимылдар көбейіп кетті. Оны мойындаумыз керек. Осындайда мемлекет қана емес, қоғам да өзін қорғайды. Біздегі басты мәселе - ол ұлттық дәстүріміз. Оны сақтау үшін ғасырлар бойы күресіп келеміз. Ашаршылық, репрессия, қаншама қудалау болса да, ұлттық рух жоғалмады. Сосын әдебиет пен кинофильмдер ұлттық рухымыздың жоғалмауына арқау болып, содан тәрбие алдық, – деді Берік Әбдіғалиұлы. 

Оның айтуынша, жаһанданудың қарқынды дамуына байланысты жастар шет елдің мәдениетін санасына сіңіріп келеді. Сол себепті алдыңғы буын мен жастардың арасында қарама-қайшылықтар бар.

Жаһандану заманында әлеуметтік желілер кеңінен дамып келе жатыр. Урбанизация да өз тәртібін орнатары анық. Арамызда көптеген жат нәрсе көбейді. Үлкен кісілермен жастардың арасында жаңа бір құндылық қалыптасып келеді. Бұл ретте, әрине, үлкендердің әрекеті - ұлттық құлдырауға қарсы күресу. Жастар кітап оқымайды деп ренжиміз. Оларды ескі фильмдерімізді көрмейді деп айыптаймыз. Осы ретте біз жастармен санасып, ұлттық өнімімізді шығаруымыз қажет, - дейді депутат.
Олжас АДАЙ
Өзгелердің жаңалығы