Оңтүстікте шаңды дауыл тұрады

21 Сәуір 2023, 12:35
873
Бөлісу:
Оңтүстікте шаңды дауыл тұрады
Фото: vk.com

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 22-24 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады.

Алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде ауа райын Қара теңіз аудандарынан жылжыған кезекті циклон ықпалында болады.

Соның әсерінен жауын–шашынды (негізінен жаңбыр түрінде) болады.

Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейіп, оңтүстік өңірлерде найзағай ойнап, шаңды дауыл тұрады.

Өзгелердің жаңалығы