Оңтүстік-Шығыс Азия елдері қалалық көлік жүйесін жаңғыртуға кірісті

18 Сәуір 2025, 19:44
590
Бөлісу:
Оңтүстік-Шығыс Азия елдері қалалық көлік жүйесін жаңғыртуға кірісті
Фото: pixabay.com

Камбоджа алғашқы метро жүйесін салу жоспарын жариялап, Оңтүстік-Шығыс Азияда қалалық көлік инфрақұрылымын жаңғырту толқынын жалғастырды. Жобада төрт бағыт бойынша 100 шақырымнан астам рельс жолы көзделген, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Индонезияда Президент Джоко Видодо 4,8 миллиард долларлық Джакарта жедел метро жобасының «Шығыс-Батыс» бағытын іске қосты. Вьетнам 2045 жылға дейін Ханойда 600 шақырымдық метро жүйесін дамыту үшін 50 миллиард доллар тартуды жоспарласа, Малайзияда да жалпы құны 14 миллиард доллардан асатын қалалық рельсті көлік жобалары салынып жатыр.

Азияда урбанизация үдерісінің үдеуіне байланысты, 2030 жылға дейін қалалық теміржол ұзындығы екі есеге артып, метро жүйелері негізгі үлесті иеленбек. Алайда инфрақұрылымды қаржыландыру, техникалық кешігулер және басқару мәселелері өңір елдеріне елеулі сын-тегеуріндер тудырып отыр. Хошимин мен Джакартадағы метро жобалары белгіленген мерзімнен едәуір кешігіп келеді.

Көлік секторының шығаратын көмірқышқыл газы көлемінің өсуі де алаңдаушылық туғызуда. Сарапшылар 2030 жылға дейін бұл көрсеткіш жылына 1,5%-ға артады деп болжап отыр. Осыған байланысты аймақ елдері энергия үнемдейтін көлік жүйелерін дамытуға басымдық беріп отыр. Индонезия, мысалы, 2030 жылға дейін қоғамдық көлікті толықтай электрлендіруді мақсат етіп отыр. Бұл елде метро жүйесінің ұзындығы бүгінде 5 мың шақырымнан асып, 2024 жылы 30 миллиард жолаушыны тасымалдаған. Қытайда жасанды интеллект, көміртек талшығынан жасалған жеңіл пойыздар және күн энергиясымен жұмыс істейтін желілер енгізіліп, энергия тұтыну мен шығынды азайтуда.

Оңтүстік-Шығыс Азия елдері көлік жүйесін қытай тәжірибесі арқылы жандандырмақ. қытайлық серіктестермен тығыз ынтымақтастық орнатып отыр.

Еске сала кетейік, еліміздің бас қаласында да LRT салынып жатыр. Биыл күзде жеңіл рельсті көлік жүйесі күзде сынақ режимінде іске қосылады. Пойыз билеттерінің құны шамамен 100-200 теңге көлемінде болады

Өзгелердің жаңалығы