Оңтүстік Кореяда дауыс беру аяқталды. Садыр Жапаров алда келе жатыр

10 Қаңтар 2021, 20:07
1596
Бөлісу:
Оңтүстік Кореяда дауыс беру аяқталды. Садыр Жапаров алда келе жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оңтүстік Кореяда мерзімінен бұрын өткізіліп жатқан президент сайлауы мен Қырғызстандағы басқару формасын анықтауға арналған референдум аяқталды.

Оңтүстік Кореяда жүрген қырғызстандықтардың дені - Садыр Жапаровқа дауыс берді.

Белгілі болғандай, Жапаровқа 63 сайлаушы дауыс берген. Адахан Мадумаров 29 дауыс жинаса, Клара Сооронкулова -13, Мықтыбек Арыстанбек - 14 дауыс, Бабыржан Тольбаев - 18 дауыс жинады.

Сонымен қатар Якутскідегі сайлау науқаны да аяқталды. Бұл өңірде көпшілік Садыр Жапаровқа дауыс берген - 529. Ал Адахан Мадумаровқа 37 адам дауыс берді.

Иркутскідегі сайлау учаскесінде де дауыс беру аяқталды. Алдын ала берілген мәлімет бойынша жалпы 403 адам дауыс берген. Оның басым бөлігі 286 адам Садыр Жапаровқа дауыс берді. Екінші орында Адахан Мадумаров - 106 дауыс иеленді.

Жалпы 28 елде 48 учаске ұйымдастырылған. Бішкек уақытымен ең бірінші болып сағат 03:00-де Оңтүстік Сахалиндегі сайлау учаскесі ашылды. Ал Вашингтонда дауыс беру 11 қаңтар күні таңғы 6:00-де аяқталады.


Өзгелердің жаңалығы