Оңтүстік Корея Солтүстік Кореяға санкция салды

14 Қазан 2022, 12:22
1585
Бөлісу:
Оңтүстік Корея Солтүстік Кореяға санкция салды

Оңтүстік Корея КХДР-дан келген 15 адамға қарсы санкция салуды бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оңтүстік Корея Солтүстік Кореяның 15 жеке тұлғасы мен 16 ұйымына қарсы санкция салды, деп жазды Yonhap.

Солтүстік Кореяның зымырандық ядролық бағдарламасын дамытуға үлес қосқан немесе санкциялардан жалтармақ болған Солтүстік Кореяның 15 жеке тұлғасы мен 16 ұйымына қосымша санкциялар енгізу туралы шешім қабылданды, – деді Оңтүстік Кореяның Сыртқы істер министрлігі

6 қазанда Солтүстік Корея Жапон теңізіне қарай екі баллистикалық зымыран ұшырды. Сөйтіп, бір аптада алтыншы рет зымыран жіберді.

Ел билігі мұны "АҚШ пен Оңтүстік Кореяның оқу-жаттығуына жауап" деп атады.

9 қыркүйекте Солтүстік Корея ресми түрде өзін "ядролық мемлекет" деп жариялады.

Өзгелердің жаңалығы