Online-марафон. Мемлекет ғылымға көңіл бөліп отыр - Құлекеев

19 Наурыз 2023, 11:09
645
Бөлісу:
Online-марафон. Мемлекет ғылымға көңіл бөліп отыр - Құлекеев
Фото: скриншот

2030 жылға дейін ғылым саласында жұмыс істейтіндердің саны 35 мыңға дейін жетеді, деп хабарлайды BAQ. KZ тілшісі. 

Бұл туралы онлайн марафон барысында мемлекет және қоғам қайраткері Жақсыбек Құлекеев айтты. Оның сөзінше, ғылым мен білімнің дамитын ортасы - ғылыми орта. Ғылымға сүйенген экономиканы дамыту үшін ғылыми орталықтар дамуы керек. 

Елімізде жақсы білім алған,  шетелде оқыған ғылыми атақ алған ғалымдар жеткілікті. Егер біз ғылымға сүйенген экономиканы дамытатын болсақ, онда біз ғылыми орталықтарымызды да дамытуымыз керек. Ғылыми орталық дегеніміз ғылыми институттар. Өкінішке қарай, елімізде соңғы жылдары осы тұрғыдан үлкен кемшіліктер болды, - деді мемлекет және қоғам қайраткері.

Ол 2017  жылы 400-ге жуық ғылыми институтты мемлекеттік бюджеттен қаржыландырғанын атап өтті.  

Ал 2018 жылы жартысын мемлекеттен қаржыландыруды тоқтаттық. Олардың жағдайы өте қиын болып кетті. 2019 жылғы өзгерістен кейін қазір мемлекет басында отырған азаматтардың барлығы ғылымға деген көзқарасы өзгеріп, ғылыми институттардың жұмысын жандандыру, білімді, білікті азаматтарды ғылым мен білім саласына тарту бойынша ауқымды жұмыстар жасалып жатыр. Соның нәтижесі мемлекет тарапынан ғылымға деген сұраныс туып жатыр. Биыл 200-300 млрд қаражатты ғылымға бөлсек, оны ғылыми институттар бірден игера алмайды. Сондықтан бұл да біртіндеп даму керек, - деді ол.

Қоғам қайраткері айтып өткендей, қазір елімізде ғылыми инститтуттарда 22 мыңдай адам жұмыс істеп жатыр. 

Бұл аз. 2030 жылға дейін ғылым саласында жұмыс істейтіндердің санын 35 мыңға дейін жеткіземіз деп отырмыз. Ғылымға деген қызығушылық төмендеп кетті. Өйткені табыстары төмен болды. Мемлекет ғылымға көңіл бөлген уақытта  бизнес саласында жүрген азаматтар  да қолдау көрсетіп, қаражат бөледі, - дейді Жақсыбек Құлекеев.

Өзгелердің жаңалығы