Онлайн-желіге толық көшуде кедергілер бар – министр

28 Шілде 2020, 10:35
1106
Бөлісу:
Онлайн-желіге толық көшуде кедергілер бар – министр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Электрондық сауда үлесінің өсуіне қарамастан, бізде әлі күнге дейін онлайн-желіге толық көшуде кедергілер бар. Бұл туралы ҚР сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов онлайн Үкімет отырысы барысында айтты.

Оның мәлімдеуінше, кедергілер қатарында көлеңкелі экономиканың жоғары үлесі, банкаралық төлемдер, эквайринг бойынша жоғары комиссия, шағын орта кәсіпорындардың дайын еместігі және тауарларды уақтылы жеткізе алмау сияқты проблемалар бар. Министр электрондық сауданың өсу қарқынын қолдау үшін нормативтік және техникалық қамтамасыз етуді одан әрі жетілдіру қажет екенін айтады.

Бастаушы және тәжірибелі кәсіпкерлерді интернет-платформаларда ілгерлету бойынша тікелей қолдау көрсетілді.  Бүгін біз қазақстандық компанияларды Алибаба, Amazon, Яндекс, Озон, Shopify сияқты халықаралық онлайн сауда алаңдарына шығару бойынша елдік әріптестікті пысықтап жатырмыз. Мысалы, Alibaba платформасына "Алтын жеткізуші" ретінде 50 компания іріктелді. Бұл премиум мәртебесі жаһандық аудиторияға қол жеткізуді, маркетингтің ішінде кешенді ілгерілету мүмкіндігін қамтамасыз етеді, - деді ол.

Пандемия жағдайында жедел қарқынмен дамып жатқан қазақстандық сандық сауда алаңдарын қолдауға бағытталған шаралар қабылдануда.

Бүгінде нарықта 13 платформа жұмыс істейді.  Kaspi, chocofamily, technodom, mechta және маркетингтік өнімдер мен қызметтердің 20 санатына ие тағы да басқа платфомалар. Мысалы, ұлттық көшбасшы kaspi дүкен тапсырыстарының сомасы 2020 жылдың бірінші жартыжылдығында өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2 есе өсті. Электрондық сауданы одан әрі дамыту мақсатында электрондық сауданы жүзеге асырудан түскен кірістер жылдық жиынтық табыстың кемінде 40%-ті құраған жағдайда, салық кодексіндегі жеке кәсіпкерлер үшін корпоративтік табыс салығы мен жеке табыс салығын төлеуден босату нормасы жөніндегі өзгерістерді қолдауды сұраймыз. Қолма-қол ақшасыз төлемдерді пайдалануды ынталандыру үшін Ұлттық банкпен бірлесіп банкаралық аударымдар комиссиясын төмендету, эквайринг мәселелерін пысықтау, сондай-ақ жаңа банктік емес төлем жүйелерін дамыту талап етіледі, - деді министр.
Өзгелердің жаңалығы