Құтқарушылар туристерге көмектесті

1 Мамыр 2024, 23:48
327
Бөлісу:
Құтқарушылар туристерге көмектесті
Фото: видеодан кадр

Құтқарушылар туристерге көмекке келді, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Түркістан облысының Қасқасу ауылында екі ер адам мен әйел теңіз деңгейінен 2800 км биіктікке көтеріліп, өз бетінше түсе алмады. Құтқарушылар оларға жедел көмекке келіп, шыңға көтеріліп, туристерге түсуге көмектесті. Олар медициналық көмекті қажет етпеді, - делінген ведомсвто таратқан ақпаратта.

ТЖМ таудағы қауіпсіздік ережелерін еске салады. Төтенше жағдай кезінде 112 нөмірі бойынша хабарлау қажет.

Өзгелердің жаңалығы