Онкология орталығында Ашық есік күні өтеді

15 Қыркүйек 2023, 14:25
685
Бөлісу:
Онкология орталығында Ашық есік күні өтеді
Фото: Артём Чурсинов Ұлттық ғылыми онкология орталығының баспасөз қызметі

23 қыркүйек күні сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін Ұлттық ғылыми онкология орталығы Клиникалық-диагностикалық орталығында асқазанның қатерлі ісіктерінің алдын алу және ерте диагностикалау бойынша Ашық есік күні өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Статистикалық деректерге сәйкес, елімізде жыл сайын 2500-ден астам адам асқазан обырымен ауырады. Ал қатерлі ісіктермен сырқаттанушылық құрылымында асқазан ісігі үшінші орында тұр.

Жыл сайын 1600-ге жуық қазақстандық асқазан қатерлі ісігінің салдарынан қайтыс болады. Қатерлі ісіктен болатын өлім себептерінің құрылымында асқазан қатерлі ісігі – II орында.

Ашық есік күнінде орталықтағы білікті мамандардың кеңесін тегін алуға болады.

Консультацияға жазылу үшін Сall-орталықтың нөміріне хабарласуыңызды сұраймыз: +7 7172 702 911, 702 900. Консультация алдын ала жазылу бойынша өтеді. Қабылдауды жоғары білікті онколог дәрігерлер, хирургтар, гастроэнтерологтар жүргізеді. Бұл іс-шара асқазан қатерлі ісігінің алдын алу және ерте диагностикалауды мақсат тұтып отыр. Учаскелік дәрігердің жолдамасы талап етілмейді, өзімен бірге жеке куәлігі мен медициналық құжаттары (бұрын алынған зертханалық зерттеулердің нәтижелері, аспаптық/сәулелік диагностиканың қорытындысы, үзінді көшірмелер және т.б.) болуы тиіс. Мекен-жайымыз: Астана қ., Керей және Жәнібек хандар к-сі, 3 (емхана жағынан кіру), - делінген орталықтың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы