Өңірлерде қоқыс шығару үшін қанша төлейді

26 Шілде 2023, 20:37
581
Бөлісу:
Өңірлерде қоқыс шығару үшін қанша төлейді

Қазақстандықтар үшін қоқыс шығару тарифі қандай екені белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2023 жылғы маусымда Қазақстан бойынша қоқыс шығарудың орташа тарифы 403 теңгені (бір адамға) құрады.

Статистика бюросының мәліметінше, өткен жылдың маусым айымен салыстырғанда тариф 31% қымбаттады.

Ең жоғары тариф Алматы – 553 тг, Ақтау – 504 тг (2022ж. маусым – 250 тг.), Орал – 496 тг (2022ж. маусым – 286 тг.) қалаларында тіркелді. Қоқыс шығарудың ең төмен бағасы Тараз қаласында байқалды – 94 тг, онда тариф өткен жылдан бері өзгермеген.

Өңірлерде қоқыс шығару үшін қанша төлейді
Өзгелердің жаңалығы