Өңірдегі жағдай тұрақты, «жасыл» аймақтамыз – әкім

23 Қараша 2020, 14:55
1810
Бөлісу:
Өңірдегі жағдай тұрақты, «жасыл» аймақтамыз – әкім
Фото: ОКҚ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов өңірдегі эпидемиологиялық ахуалға тоқталып, жағдайдың барынша бақылауда екенін айтты.

Өңірдегі эпидемиологиялық жағдай тұрақты, «жасыл» аймақтамыз. Індет жұқтырғандардың санын арттырмай, жағдайды барынша бақылауда ұстауға тырысып жатырмыз. Ол үшін облыс көлемінде арнайы мониторингтік топтар құрылып, тамыз айынан бері 800-ге жуық рейдтік шаралар ұйымдастырылды. Осындай қатаң карантиндік шаралардың арқасында өңірдегі жағдай бірқалыпты, - деді ол. 
 

Аймақ басшысының айтуынша, пандемияның екінші толқынына дайындық барысында соңғы үлгідегі 200 төсек-орынмен жабдықталған модульдік стационар ашылған. 
 

Қосымша 11 инфекциялық стационар толығымен жабдықталып, резервте дайын тұр. Онда 2 352 инфекциялық және 131 реанимациялық төсек-орын бар. Медициналық ұйымдар 260 өкпені жасанды желдету (ӨЖЖ) аппаратымен және 638 оттегі концентраторымен толықтай қамтылған. Ең бастысы, облыстағы жедел жәрдем автопаркі 100 пайыз жаңартылып, 85 санитарлық көлікпен толықты, - деді Трұмов.
 

Өзгелердің жаңалығы