Өнерлі сынып оқушылары үлкен сахнаға шықты

3 Сәуір 2023, 19:14
2264
Бөлісу:
Өнерлі сынып оқушылары үлкен сахнаға шықты
Фото: автордан

Алматыда Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік балалар мен жасөспірімдер театрында Шарль Пероның «Сұлу мен құбыжық» мюзиклі сахналанды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ. тілшісі. 


Аталмыш спектакль Шоқан Уәлиханов атындағы мектеп сахнасында дүниеге келген. Қойылымдағы рөльдерді 3В сыныбының 20 оқшысы сахналады. Мюзкілдегі оқушылардың ерекше киімдерін ата-аналар өз қалтатарынан тіктірген. 

Спектакльді алғаш мектеп қабырғасында қойдық. Кейінен, үлкен театрда сахналау туралы ой келді. Бұл қойылымның ерекшелігі сол, бүтін бір сыныптың бір қойылымда ойнауы. Балалардың барлығы да талантты, өнерлі. Барлығы біздің мектептегі актерлық сахнада тәлім алады. Өздері кішкентай болсада ойлары жүрік. Мюзкілге 4 ай дайындық жасадық. Ортасында шырқалатын әндерді жаздырып алдық. Аудармасын, сөзін өзіміз жасадық. Балалар 1 айдың ішінде сөздерін жаттап алды. Өнерлі жастарды қолдау білдірген ата-аналарына, мектеп ұжымына, Ғ.Мүсірепов театрына алғыс білдіремі, – дейді ұйымдастырушы, пиар бөлімнің маманы Гюзель Ким. 

Өнерлі сынып оқушылары үлкен сахнаға шықты

Балалардың актерлік шеберлігіне көрермендер де тәнтті болды. Спектакль премьерасында Қазақстанның Халық әртісі, әншілер, қоғам қайраткерлері қатысты. 

Балақайлар былтырғы жылы «Буратино» қойылымын сахналаған еді. Мен олардың өнерін сол кезден байқай бастадым. Бір күні менің басыма бір қызық ой келді. Неліктен шетел қойылымдарын қазақ тілінде сахналамасқа дедім. Қарап отырсақ, қазақ тілінде балалардың өздері ойнаған қойылымдар өте аз екен. Осы оқылықты толықтыру мақсатында «Сұлу мен құбыжық» мюзиклін сахналауды жөн. Бұл қойылым ән мен бидің ұштасқан коллаборациясы десем артық айтпағаным. Балалардың тілі анық, өз рөльдерін жақсы алып шықты деп айта аламын, – дейді қоюшы режессер Азат Даутов. 

Балақайларға театр және кинорежиссері, кинодраматург Талғат Теменов ақ батасы берген. Сондай-ақ, балалардың өнерін мен өте жоғары бағалаған. Қойылымға келген көрермендерде оқушылардың актерлық шеберліге тамсанып, таңдай қақты. Ұйымдастырушылардың пікірінше, оқушылардың орындауындағы спектакльдер алдағы уақытта үлкен сахналарда да қойылмақ. 
 

Өзгелердің жаңалығы