Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ұлыбританияның мемлекеттік министрімен кездесті

22 Қараша 2023, 13:24
463
Бөлісу:
Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ұлыбританияның мемлекеттік министрімен кездесті
PHOTO
Фото: Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Ұлыбританияның мемлекеттік министрі Нусрат Ганимен маңызды минералдар саласындағы ынтымақтастыққа бағытталған кездесу өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің мәлімдеуінше, кездесу биылғы жылы өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қоюмен нығайтылған екі ел арасындағы жемісті ынтымақтастықтың жалғасы болды.

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ұлыбританияның мемлекеттік министрімен кездесті

Меморандум маңызды минералдар саласындағы стратегиялық әріптестікті өрістетуді көздейді. Белгіленген мақсаттарға тиімді қол жеткізу мақсатында тараптар Жол картасын әзірледі. Кездесуге қатысушылар осы негізгі құжатқа жақын арада қол қоюға бел буып, осылайша ұзақ мерзімді және өзара тиімді ынтымақтастыққа деген ұмтылыстарын нығайтты.

Министр Қанат Шарлапаев өз сөзінде Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы маңызды минералдар саласындағы ынтымақтастықты кеңейтудің маңыздылығын атап өтті. 

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ұлыбританияның мемлекеттік министрімен кездесті

Біз бірлесіп жұмыс істеудің орасан зор әлеуетін көріп отырмыз және біздің серіктестігіміз экономикалық өсуге ғана емес, сонымен қатар озық технологияларды енгізудің іргетасы болуға да септігін тигізеді деп сенеміз, - деп атап өтті министр.

Кездесуде тараптар маңызды минералдарды барлау, өңдеу, өндіру саласындағы бірлескен жұмыстардың келешегін талқылады. Сонымен қатар, кездесуге қатысушылар қайта өңдеу, маңызды минералдарды қайта өңдеу, сондай-ақ электрондық қалдықтар мәселелеріне назар аударды.

Өзгелердің жаңалығы