Суреттерін жерден өсіріп шығаратын суретші

30 Желтоқсан 2019, 17:44
4702
Бөлісу:
Суреттерін жерден өсіріп шығаратын суретші
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жарты жыл бойы қоймай өз егіс алқабын қазып жүрген ер адамды көріп, көршілері жынданып кеткен болар деп ойлаған. Алайда, оның қандай өнер туындысын жасап шығарғанына көз жеткізген кезде, таңғалды. 

Бұл туралы liveinjoy.ru жазды.

stan-herd-1.jpg

Адам фантазиясына шек жоқ екенін бәріміз білеміз. Күн сайын жаңалықтардан өзінің ойындағысын жүзеге асырып, ел-жұртты таңғалдырып, сол арқылы танымал болып жатқандарды көреміз. Солардың бірі суретші - Стэн Херд. Оның жұмыстары өзгеше. Себебі, оларды галереялар мен көрмелерден көре алмайсыз. Өйткені, оның жұмысының нәтижесі жерден өсіп шығып, ғажайып өнертуындысына айналады. Дәлірек айтқанда, ол өсімдіктерді өсіріп отырып, әдемі суреттерді жасап шығаратын талант иесі. Бұл өнер түрі - агро сурет өнері деп аталады. Фермерлік пен сурет өнерін қоса атқарып жүрген Стэн егістік алқаптарындағы суреттерін 30 жылдан астам уақыт бойы салып келеді. 

stan-herd-3-e1508043344927.jpg

Стэн фермерлер отбасында туып өскен. Көркемөнер білімін алған ол егістік жерлерді, егін жинау науқанын және басқа да ауылшаруашылық пейзаждарды суреттегенді ұнатқан. Стэн өмір бойы майлы бояумен сурет салуға құмартпаған. Оны егіс алқаптары мен ландшафтылар қызықтыратын. Уақыт өте келе ол өз ойын жүзеге асыра бастады. Дегенмен, бұл өнерінің де бір кемшілігі болды. Егістікке өсіріп шығарған соң, жұмыстары ұзаққа сақталмайтын.  

RQlktkp_TURBXy9m_Mz_M0_MTY0_OWNi_N2_Yy_YTM0_ZDM0_ZTg4_MTNk_Z-e1508043521390.jpg

Стэн 40 шақты жұмыстың авторы. Олардың барлығы әртүрлі. Бұндай өнертуындыны жасап шығару үшін көп уақыт пен қажырлы еңбек қажет. Алдымен суретші масштабтары мен есептері дұрыс шығу үшін өзінің жобаларын қағаз бетіне түсіреді. Ол егістікке қажетті дақылдарды егіп, олардың тиісті деңгейде өсіп шыққанын күтеді. Содан кейін трактормен жұмыс басталады. Оның ойындағыдай бейне шығу үшін Стэн егіс алқабын трактормен жыртады. Егер ойындағысы бірінші талпынысынан-ақ іске аспаса, ол о бастағы жұмысын қайта бастауға мәжбүр болады.

a664ad0a01b112ac67642662d3084f58-e1508043619429.jpg

Стэн Хердтің өнертуындыларын тамашалау үшін барлық жергілікті тұрғын жиналады. Бірақ, оны жақсылап тамашалау үшін ең биік үйлердің төбесіне шығуға тура келеді.

rp_Dktkp_TURBXy85_ZGQz_ODZl_OTBh_MGU1_Mj_Mw_Nm_U4_MTFh_M2_Nl_O-e1508043537830.jpg

Өйткені, тек биік жерден ғана егістік алқабында бейнеленген суретті көру мүмкін болады. Стэннің суреттері - әлемдегі ең үлкен өнертуындысы саналады.

Abdktkp_TURBXy80_MThk_Nz_Qz_Zm_U2_YTc1_ZGRl_Y2_Qz_Nzc3_NWJi_Z-e1508043580942.jpg

stan-herd-4-e1508043404655.jpg

Өзгелердің жаңалығы