Өнер адамы өнер адамы болып қалуы керек – Ақбота Керімбекова

14 Қыркүйек 2023, 11:47
712
Бөлісу:
Өнер адамы өнер адамы болып қалуы керек – Ақбота Керімбекова

Әнші Ақбота Керімбекова «Ұйқым келмейді» бағдарламасына берген сұқбатында миллион оқырманы бола тұра неге жарнама жасамайтынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жарнама жасамайтынымның екі себебі бар. Біріншісі, карантин басталмай тұрып, маған өнерде жүрген екі әріптесім келді. Ол кезде лотореяға қатысты дау-дамай шыққан еді. Бірақ біз жарнаманы басқа дүниеге жасадық, ал дау-дамай басқа нәрседен болды. Оны халыққа айтқанымызбен, олар оны түсіне алмады. Өз басым «ақша салыңдар» деген сипатта жарнама жасаған емеспін. Мен электронды кітапты жарнамаладым. Ал оны сатып алған адам конкурсқа қатыса алды. Басқа артық ештеңе болмады. Бірақ инвесторлар шу шығарғаннан кейін қатты ойландым, - дейді әнші.

Керімбекова осындай шу шыққаннан кейін жарнама жасаудан көңілі қалғанын айтты.

Жалпы дүние өмірі жетпейді. Косметика немесе басқа дүние үшін дәрежемді түсіргім келмейді. Әйтпесе жарнама жасауға көп ұсыныс келеді. Жоламауға тырысамын. Өнер адамы өнер адамы болып қалуы керек. Қазір өнердің қадір-қасиеті не үшін кетіп жатыр? Жалпы адами болмыс, адами қасиет, бір-бірін қадірлеу, құрметеу өкінішке қарай, азайып бара жатыр. Кейде оның барлығына әлеуметтік желінің де қиянаты бар деп ойлаймын. Себебі болмашы нәрсе көрсетіліп жатады, - деп түсіндірді әнші Ақбота Керімбекова.

Өзгелердің жаңалығы