«Өнегеде» бір жылда 1600-ден астам адам оңалтудан өтеді

23 Маусым 2023, 15:36
633
Бөлісу:
«Өнегеде» бір жылда 1600-ден астам адам оңалтудан өтеді
Фото: ӘМСҚ Астана қаласы бойынша филиалының баспасөз қызметі

Елордадағы «Өнеге» оңалту орталығында бір жылдың ішінде 1600-ден астам науқас кешенді оңалту шараларынан өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы ӘМСҚ Астана қаласы бойынша филиалы ұйымдастырған баспасөз туры кезінде белгілі болды.

МӘМС жүйесінде көрсетілетін қызметтердің ішіндегі басым бағыттардың бірі – оңалту шаралары. Жыл өткен сайын тұрғын халыққа медициналық қызмет көрсететін жекеменшік қызмет жеткізушілер үлесі артуда. Медициналық аппараттар саны, емдеу тәсілдері көбеюде.

Мүгедектігі бар адамдар ақылы түрде көмек алуға көбіне жағдайлары жоқ екендігі белгілі. Осыған орай, МӘМС шеңберінде аталған орталыққа барып, тегін медициналық көмек алуға мүмкіндік бар.

«Өнегеде» бір жылда 1600-ден астам адам оңалтудан өтеді

Онда орталықтың басшысы дәрігер-реабилитолог Гүлім Дүйсенбинаның айтуынша, ай сайын кем дегенде 50 баланы қоғамға бейімдейді.

Орталықта нейроортопедиялық патологиясы бар балалар емшара қабыл­дайды. Айына біз кемінде 50 баланы қоғамға бейімдеуге бар күшімізді сала­мыз. Орталыққа тек Астана қаласы емес, өңірлерден де балалар келеді. ДЦП, генетикалық ақаулары бар балалар, даун синдромына шалдыққан, аутистік спектрі бұзылған және жарақат алған балалар келеді. Қарап отырсам, реабилитацияда еңбек еткеніме 10 жылға жуықтапты. Сонда байқағаным, кейінгі жылдары ДЦП, аутистік спектрі бұзылған балалар жиі келетіндігі. Мұндайда балалардың диагнозын мейлінше ертерек анықтаса, ем шипалы болады. Орталықта бейімделген балалар көп. Біз осыған дейін невропатолог-дәрігер екеуміз аустриялық мамандардан оқыдық. Баланы шақалақ кезінен бақылау арқылы бұзылыстарын таба алатын болдық. Іс-қимылында немесе ойлау қабілетінде бұзылысы бар алты айға дейінгі балаларды да анықтай ала­мыз. Кейбір балалардың дамуындағы кедергілер әсте іс-қимылынан байқал­майды. Бірақ баланың қабылдау қабілетінде немесе психологиялық жағынан сөйлеу қабілетінде бұзылыстары болуы мүмкін. Біз мұны сәбилердің эмоциясынан да байқаймыз. Сондықтан кейде туғанына 3 немесе 5 ай болған балалардың ата-анасына реабилитациядан өтуді ұсынамыз, - дейді дәрігер-реабилитолог.

«Өнегеде» бір жылда 1600-ден астам адам оңалтудан өтеді

Себебі нәтиже көрсеткіштеріміз жоғары екендігін алға тартты: бір жылдың ішінде церебралды паралич қаупі бар 15 бала қауіп-қатер тобынан шығарылып, 37-40 сал ауруын шалдыққан бала өздігінен жүре бастаған. Ал 37 бала өздігінен отырып, 22 бала еңбектей бастаған.

«Өнегеде» бір жылда 1600-ден астам адам оңалтудан өтеді

Аутизм диагнозы қойылған балар ішінен 110 сабаққа деген зейіні ашылған.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Астана қаласы бойынша филиалы 2023 жылы оңалту қызметтерін көрсететін 65 медицина ұйымымен келісімшарт жасады. Оларбдың: 38-і – жекеменшік, 25-і – мемлекеттік, 3-еуі –республикалық медицина ұйым.
2023 жылы оңалту қызметіне бөлінген қаржы 9,2 млрд теңге, - дейді ӘМСҚ Астана қаласы бойынша филиалының Халықты ақпараттандыру және өтініштерді қарау бөлімінің жетекшісі Ғұламжан Жұманов.

Жыл басынан бастап Астана қаласы бойынша МӘМС жүйесінде 2,8 млрд теңге сомасы 520 033 медициналық оңалту қызметі көрсетілді.

Өзгелердің жаңалығы