Өндірісте 2029 жылға дейін 147 мыңға жуық жұмыс орны құрылады

4 Сәуір 2023, 09:35
1486
Бөлісу:
Өндірісте 2029 жылға дейін 147 мыңға жуық жұмыс орны құрылады
Фото: aimak.com.kz

Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушы Марат Қарабаев Үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Министр индустрияландыру, өндірісті оқшаулау және инфрақұрылымды жаңғырту бойынша тапсырманың орындалып жатқанын алға тартты.

2029 жылға дейін 147 мыңға жуық жұмыс орнын құрумен жалпы сомасы 33 трлн теңгеден асатын 800-ден аса инвестициялық жобаны пайдалануға беру жоспарлануда. Осы жобаларды іске асыру шамамен 9 трлн теңге сомасына өндіріс көлемін қамтамасыз етеді. Импортты алмастыру 5 трлн теңге, экспорт 4,2 трлн теңге деңгейінде болжанады, - деп атап өтті ведомство басшысы.

Айтуынша, қосылған құны жоғары тауарларды оқшаулауды және шығаруды тереңдетуге негізінен машина жасау, құрылыс индустриясы, жеңіл өнеркәсіп және металлургия салаларындағы жобалар бағытталған.

Іске асырылып жатқан жобаларды қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мақсатында ағымдағы жылы шағын өнеркәсіптік аймақтар іске қосылады, қаражат Өнеркәсіпті дамыту қоры арқылы көзделеді. Бұл тапсырма «Өнеркәсіптік саясат туралы» заң аясында іске асырылатын болады, онда ішкі қайта өңдеушілерді қолжетімді бағамен отандық шикізатпен қамтамасыз ету жөніндегі нормалар көзделген, - деді Марат Қарабаев.

Қазірдің өзінде алюминий, мыс және қорғасынды өңдеу артқаны белгілі болды. Шикізатты ішкі тереңдетіп өңдеуді және дайын бұйымдарды шығаруды ұлғайтуға мүмкіндік беретін 20 жобадан тұратын пул қалыптастырылды.
Осылайша, 2029 жылға қарай алюминийді 5 есе, қорғасынды 4 есе және мысты 13 есе ішкі өңдеуді ұлғайтылады деп отыр.

Өзгелердің жаңалығы