Оңдасын Оразалин өңірді дамытуға байланысты өзекті мәселелерді талқылады

26 Ақпан 2022, 13:13
1257
Бөлісу:
Оңдасын Оразалин өңірді дамытуға байланысты өзекті мәселелерді талқылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарымен кездесу барысында өңірді дамытуға қатысты өзекті сұрақтарды талқылады.

Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Өңірде Сергей Симонов, Аманғали Бердалин, Ғалымжан Елеуов, Дания Еспаева және Жамбыл Ахметбековтер жұмыс сапарымен жүр.

17-24 ақпан аралығында халық қалаулылары сайлаушылармен кездесіп, Мәртөк, Қарғалы, Алға, Ойыл, Шалқар, Қобда, Мұғалжар, Әйтеке би, Хромтау аудандарында және Ақтөбе қаласында азаматтарды қабылдады.

Өңір басшысымен кездесу кезінде Ақтөбе облысының әлеуметтік және экономикалық дамуына қатысты өзекті сұрақтар талқыланды.

Өзгелердің жаңалығы