"Оң динамика болады". Министр ел экономикасына болжам жасады

23 Қараша 2023, 10:31
1242
Бөлісу:
"Оң динамика болады". Министр ел экономикасына болжам жасады
Фото: ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі

Бұл туралы Сенаттың жалпы отырысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Министр елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша болжам жасады. Ол мұнайдың бағасы барреліне 80 доллар болса, базалық сценарий қалай өрбитінін қарастырды.

Болжам бойынша 2024 жылы жалпы ішкі өнімнің нақты өсуі 5,3 пайыз болмақ. Кейін 2026-2028 жылдары 6 пайызға дейін өседі. 5 жыл ішінде жалпы ішкі өнімнің орташа жылдық өсуі -
5,8 пайыз. Номиналды жалпы ішкі өнім 2024 жылғы 135 трлн теңгеден 2028 жылы 218,5 трлн теңгеге дейін өседі.
Экономиканың барлық базалық салаларында оң динамика күтілуде, – деді Қуатыров.

Оның сөзінше, шикізаттық емес сектор болжамды өсудің негізгі драйверлерінің біріне айналады.

Өнеркәсіптегі орташа жылдық өсу қарқыны 2024-2028 жылдары 4 пайызға жетпек. Өңдеу өнеркәсібі орта есеппен 4,9 пайыз деңгейінде өседі және тау-кен өнеркәсібінің өсу қарқынынан озып кетеді. Қашаған, Теңіз және Қарашығанақ кен орындарында өндірісті кеңейту есебінен мұнай өндіру 100 млн тоннадан асады. Ауыл шаруашылығының орташа жылдық өсімі 4,5 пайызға өседі. Инвестицияларды игеру жағдайында құрылыс саласының жоғары өсу қарқыны күтілуде, – дейді министр.

Өзгелердің жаңалығы