Омикронды екпе алған адамдар таратып жүр ме?

31 Қаңтар 2022, 18:35
1384
Бөлісу:
Омикронды екпе алған адамдар таратып жүр ме?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде SARS-CoV-2 коронавирусының нұсқасын тек вакцинацияланған адамдар ғана таратады деген ой айтылды. 

Бұл теорияға коронавирус мутациясы алғаш рет Африкада болды, ал ұшаққа егілмен жолаушыларды отырғызбайтындықтан, ол жерге тек вакцинацияланған адамдар ғана барады деген дәлел келтірілуде. Бұл олай емес неге екенін түсіндіріп өтейік.

Бұл теорияны өзінің Instagram парақшасында актер Станислав Садальский алға тартқан. Ол бұл идеясымен бірге Н. Ф.Гамалея атындағы орталықтың директоры Александр Гинцбургтің фотосын жариялаған. Гинцбургтің өзі омикрон нұсқасын тек вакцинацияланған адамдар ғана таратады деп мәлімдемегенін айтып өткеніміз жөн.

Садальскийдің жазбасына келетін болсақ, бұл мәлімдеме бірнеше себептермен дұрыс емес деуге болады.

Біріншіден, омикрон нұсқасының мутагенділігінің жоғары боулына байланысты, оны COVID-19 қарсы вакцинаның екі дозасын алғандар да жұқтыруы мүмкін. Бүгінгі күні осы мутациядан ең тиімді қорғанысты препараттың үшінші, бустерлік дозасы қамтамасыз етеді. Демек, вакцинацияланған адамдар, аз да болса, омикрон нұсқасын таратуы ықтимал, бірақ бұл SARS-CoV-2 коронавирусына қарсы вакциналардың тиімсіздігінің белгісі емес.

Екіншіден, вакцинацияланбаған адамдарды ұшақтарға жібермейтіні шындыққа сай емес. Вакцина алғандығын міндетті түрде дәлелдеу талабы кейбір әуе компанияларында бар, бірақ барлығында емес. Сонымен қатар, халықаралық әуе көлігі қауымдастығы биыл 25 қаңтарда саяхат шектеулерін жеңілдетуді тездетуге шақыратын баспасөз хабарламасын шығарды. 

Үшіншіден, Египет, Тунис немесе Нигерия сияқты Африка елдеріне саяхат жасау үшін вакцинация паспорты қажет емес. COVID-19-ға ПТР тесттің теріс нәтижесін ұсыну жеткілікті.

Өздеріңіз білетіндей, ПТР талдау індет жұқтырғаннан кейін алғашқы үш күнде теріс нәтиже көрсетуі ықтимал. Яғни, адам COVID-19 таратушысы бола тұра, бұл туралы өзі білмеуі мүмкін, өйткені аурудың белгілері әлі байқалмайды.

Яғни, Африкада болып-қайтқан адамдардың барлығы COVID-19 қарсы егілгендер деп айту дұрыс емес.
Демек, бұл мәлімдеме манипуляция болып табылады.

Өзгелердің жаңалығы