Омикрон. Штамм таралған елдерден Алматыға 2300 жолаушы келген

23 Желтоқсан 2021, 14:49
1100
Бөлісу:
Омикрон. Штамм таралған елдерден Алматыға 2300 жолаушы келген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында Алматының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин хабарлады.

Оның айтуынша, қалада шетелден келгендерге қатысты алдын алу шаралары күшейтілген.

3-20 желтоқсан аралығында Алматыға 50 мыңға жуық жолаушы келген. Оның ішінде ПТР анықтамалары бар 29,7 мың, вакцинация паспорты бар – 20 мың. Ал «омикрон» штамы тіркелген елдерден – 2300 жолаушы келген. Барлық азаматтар бір апталық оқшаулануға және медициналық бақылауға жіберілді. Олардың ішінде КВИ-мен ауыратын 5 науқас анықталып, олар инфекциялық стационарға оқшауланды. Айтпақшы, жолаушылардың 90%-ы штамм өршіп тұрған Германия, Египет және Ұлыбританиядан келгендер, - деп атап өтті мегаполистің бас санитарлық дәрігері.

Сондай-ақ, соңғы аптада 60 жастан асқан індет жұқтырғандардың үлесі 80%-ды құраған. Инфекцияның негізгі орындары қоғамдық көлік, сауда нысандары және отбасындағы байланыстар болып отыр.

Еске сала кетейік, бұған дейін  Бекшин «Омикрон» штамы тудыратын бесінші толқынның қай кезде болатынына болжам жасағаны туралы жазған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы