Омикрон нұсқасынан туындаған аурудың соңғы өршуі ең қысқа болды – Денсаулық сақтау министрі

18 Наурыз 2022, 16:05
1468
Бөлісу:
Омикрон нұсқасынан туындаған аурудың соңғы өршуі ең қысқа болды – Денсаулық сақтау министрі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният хабарлады. 

Вирустың «Омикрон» нұсқасынан туындаған аурудың соңғы өршуі ең қысқа болды және шамамен 1 айға созылды. Нақтырақ айтқанда, 11 қаңтардан бастап 9 ақпанға дейін жалғасты. Бұл коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау үшін мемлекеттің, бизнестің және халықтың үйлестірілген бірлескен шараларының тиімділігімен байланысты. Сонымен қатар, әлемде «Омикрон» нұсқасынан туындаған ауру өршіп тұр. Бірқатар елдерде  2 айдан астам уақытқа созылды, ал кейбір елдерде үшінші   ай жалғасуда, - деп атап өтті ведомство басшысы. 

Сонымен қатар ол соңғы айда қанша адамның індетпен күресіп жатқанын алға тартты.

Инфекциялық және реанимациялық төсектердің қамтылуы 8%-ды құрайды, соңғы айда ем қабылдап жатқан адамдардың саны 5,0 есеге төмендеді. Науқастардың саны ақпан айында 41 169 болса, бүгінгі күні 8350 науқасқа дейін төмендеді. Қазіргі кезде 8 350 науқас, оның ішінде стационарда 6 707 науқасы, амбулаториялық деңгейде 7 680 науқас ем алуда, - деді Ажар Ғиният. 

Өзгелердің жаңалығы