Омикрон. Елімізде соңғы екі аптада індет 41%-ға көбейді

12 Қаңтар 2022, 11:53
1234
Бөлісу:
Омикрон. Елімізде соңғы екі аптада індет 41%-ға көбейді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният хабарлады. Оның айтуынша, әлем елдерінде коронавирус инфекциясы өршіп тұр.

Қазақстанда соңғы екі аптада ауру 41%-ға артты. Өткен он бес күн ішінде Америкада ауру 100%-ға, Еуропада 65%-ға, Оңтүстік Шығыс Азияда 78%-ға, Тынық-Мұхит өңірінде 38%-ға көбейген, - деді ведомство басшысы.

Сонымен қатар Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша Еуропада соңғы екі аптада 54 елдің ішінде 38 елде ауру асқынуда.

Денсаулық сақтау министрі ел тұрғындарын қоғамдық орындарда, көшеде маска режимін сақтауға, мүмкіндігінше қонаққа бару, қонақ шақыруды кейінге қалдыра тұруға кеңес берді. Вакцинация алмаған азаматтарды алғашқы вакцинация курсын алғаны дұрыс деп отыр. Ал 6 ай бұрын вакцинация алған адамдар ревакцинация салдырғаны абзал екендігін атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы