«Омикрон». Елімізде қандай шектеулер қолға алынады?

30 Қараша 2021, 11:03
1525
Бөлісу:
«Омикрон». Елімізде қандай шектеулер қолға алынады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елімізде 3 желтоқсаннан бастап коронавирустың жаңа штамына байланысты шектеулер енгізіледі.

Үкімет отырысында Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов осындай мәлімдеме жасады.

Оның мәлімдеуінше , COVID-19 таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссия 3 желтоқсаннан бастап жаңа шектеу шараларын енгізу туралы шешім қабылдаған.

Жаңа «омикрон» штамының пайда болуын ескере отырып, оның республика аумағына әкелінуіне жол бермеу мақсатында ведомствоаралық комиссия жаңа шешімдер қабылдады. Ботсвана, Лесото, Намибия, Зимбабве, Мозамбик, Мадагаскар, Эсватини, Малави, Онтүстік Африка, Танзания және Гонконгтан шетел азаматтарының Қазақстанға келуі шектеледі, - деді ол. 

Сондай-ақ «Омикрон» штамы тіркелген Израиль, Чехия, Нидерланды, Бельгия, Ұлыбритания, Италия, Германия, Аустралия, Канада және Мысырдан келетін адамдар үшін вакцинациясы бар-жоғына қарамастан міндетті ПТР-анықтама талап етіледі.

«Омикрон» штамынан туындаған коронавирус жағдайлары анықталған елдерден келген адамдар ПТР нәтижесіне қарамастан 7 күн карантинге жатқызылады, - деді Шоранов. 

Сонымен қатар ол ел ішінде бұрынғыша санитарлық талаптарды қатаң сақтауға шақырды. Шорановтың айтуынша, республика аумағындағы шектеулер әзірге осы.

Бұл штамның симптомдары алдыңғы штамдармен ұқсас. Қазір ДДСҰ мәліметінше, штамның қауіптілігін анықтау үшін ғалымдарға кем дегенде 1 ай уақыт керек, - дейді вице-министр. 


 

Өзгелердің жаңалығы