Омикрон. Астанада жаңа штамм жұқтырғандар саны артқан

10 Ақпан 2022, 15:39
1624
Бөлісу:
Омикрон. Астанада жаңа штамм жұқтырғандар саны артқан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы елорданың бас мемлекеттік санитар дәрігері Сархат Бейсенова хабарлады. Оның айтуынша, қаңтар айында аурушаңдық деңгейі рекордтық көрсеткішке жеткен. 

Сол себепті науқастар тапсырған 51 оң ПТР-сынамасына секвенирлеу жүргізілді. Нәтижесінде «омикрон» штамы індет жұқтырған елордалықтардың 70,6%-нан анықталды. Ал «дельта» штамының үлесі 29,4%-ды құрады. Осылайша, астанада «омикрон» штамының айналымы басым екендігін ескерткім келеді. «Дельта» штамы да ауру ағымын асқындырып қана қоймай, өлім-жітімге алып келу қаупіне ие екендігін естен шығармағандарыңыз жөн, - деп атап өтті бас қаланың бас санитар дәрігері. 

Сондай-ақ ол коронавирусқа шалдыққандарды барынша жылдам анықтау үшін қалада қанша зертхана жұмыс істеп тұрғанына тоқталды. 

Қаламызда 24 зертхана жұмысын жалғастыруда. Онда тәулігіне 5 мыңнан 11 мыңға дейін ПТР-сынама жүргізіледі. Жыл басталғалы бері 295 844 зерттеу жүргізілген. Оның ішінде 84 310 сынамадан оң нәтиже шыққан. Арасында қайталап тапсырған талдаулар да бар, - деді ведомство басшысы. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Сархат Бейсенова елорданың әлі «қызыл» аймақтан шыға алмай отырғанын айтқан болатын. 

Өзгелердің жаңалығы