«Омбудсмен туралы» арнаулы заң қабылданады – Тоқаев

15 Қаңтар 2021, 11:15
2016
Бөлісу:
«Омбудсмен туралы» арнаулы заң қабылданады – Тоқаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Парламентінің бірінші сессиясының ашылуы барысында айтты.

Адам құқығын қорғау саласы дәйекті түрде жетілдірілуі керек. Оны институционалдық және ұйымдастыру жағынан нығайта түсуіміз қажет. Бізде омбудсмен институты бар. Бірақ ол әзірге өзінің әлеуетін толық көрсете алмай отыр. Сондықтан жақын арада «Омбудсмен туралы» арнаулы заң қабылдауымыз керек. Бұл заң аталған инстиуттың қызметін барлық бағыт бойынша реттейді. Тиісті мамандар болмаса және ұйымдастыру жұмыстары жасалмаса, омбудсмен қызметін заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету қиынға соғады, - деді ол. 

Президент адам құқығына  байланысты негізгі мәселелер өңірлерде байқалып отырғанын айтты. 

Жергілікті биліктің үстінен арыз-шағымдар көп түседі. Сондықтан Омбудсмен инстиутын аймақтарда күшейту қажет. Адам құқығы жөніндегі уәкілдің қызметін нығайту қажет. Сонымен қатар, бала құқықтарын қорғау жөніндегі ауқымды мәселелерді шешуіміз керек. Бала құқығын қамтамасыз ету – балалар арасындағы суицид пен буллингтің алдын алу үшін мемлекеттік бақылауды күшейтіп, тиімді тетіктерді қарастырған жөн, - деді Мемлекет басшысы. 

Президент ерекше күтімге мұқтаж балалардың инклюзивті даму мәселесін назардан тыс қалдырмау керектігін айтты. 

Білім беру мекемелеріндегі тиісті қызметтердің тиімділігін арттыру үшін нормативтік база қабылдау кезек күттірмейтін қызметтің бірі, - деп атап өтті Тоқаев.


Өзгелердің жаңалығы