Оман сұлтандығы мен Қазақстан арасында тікелей рейс жасалды

4 Шілде 2023, 04:43
774
Бөлісу:
Оман сұлтандығы мен Қазақстан арасында тікелей рейс жасалды
Фото: ашық дереккөз

Оман сұлтандығы мен Қазақстан арасында алғашқы тікелей рейс жасалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Маскат қаласынан Алматыға келетін тұрақты жолаушы тасымалын Salam Air әуекомпаниясы атқарады. Өз кезегінде бұл әуе қатынасы екі ел арасындағы сауда-экономикалық һәм туристік-мәдени ынтымақтастықты дамытар маңызды қадам екендігін айтты.

Жаңа ашылған әуе жолы арқылы Алматы-Маскат арасында аптасына 2 рейс болады. Ал алғашқы саяхат жоспарға сай шілдеде басталып отыр.

Қазақстан – туристік әрі экономикалық бағытта қарым-қатынасымызды нығайтып жатқан керемет мемлекет. Қуаныштымыз! Екі елдің азаматтарын ыңғайлы маршрутпен қамтуға дайынбыз, – деді Salam Air әуекомпаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Анвар Әл-Раваз.

Оман сұлтандығының азаматтары үшін Қазақстанда 30 күндік визасыз режим енгізілген. Туристерді тартып, ел әлеуетін арттыру үшін аталған мемлекет біздің тарапқа электронды виза енгізген. Бұл – қазақстандықтар дәл әуежайдың өзінде тұрып-ақ, құжат рәсімдей алады деген сөз.

Бұл екі ел үшін де айтулы жағдай. Бұл әуе жолы тарихта бірінші рет іске қосылып отыр. Алматы сынды алып шаһарға туристердің қызығатынын айтпасақ та белгілі. Ал өзге қалаларға рейс ұйымдастыруды алдағы уақытта көре жатамыз, – деді «Алматы халықаралық әуежайы» АҚ аға вице-президенті Фатих Омюр.

Жоспарда Франция, Ұлыбритания, Германия мен Пәкістан сынды елдерге тікелей рейс ашу қарастырылған. Сондай-ақ Алматы-Токио бағытында жолаушы тасымалы ұйымдастырылмақ. Бұл өз кезегінде әуе билетінің арзандап, халықаралық бағыттың көбеюіне әрі ел ішіндегі транспорт қажеттілігін қамтамасыз етуге сеп болмақ.

Өзгелердің жаңалығы