Олимпиада ойындарына 44 күн қалды

12 Маусым 2024, 17:51
245
Бөлісу:
Олимпиада ойындарына 44 күн қалды
Фото: уризм және спорт министрлігі

Бүгін Астанадағы Олимпиадаға дайындық Штабында кезекті басқосу өтті,деп хабарлайды BAQ.KZ.

Басқосуға белгілі қоғам қайраткерлері, Олимпиада чемпиондары мен жүлдегерлері, спорт журналистикасының ардагерлері қатысып, Штаб өкілдерімен бірге ұлттық құраманың алдағы бас додаға дайындығын пысықтады.

Қонақтар қатарында дүниежүзілік және Қазақстан тоғызқұмалақ федерациясының президенті Әлихан Бәйменов, қоян-қолтық ұрыстан республикалық федерация басшысы Абай Тасбулатов, 1972 жылғы Мюнхен Олимпиадасының күміс жүлдегері Виктор Абоимов, олимпида чемпионы Серік Сапиев, олимпиада күміс жүлдегері Василий Левит, әлем чемпионы Мерей Ақшалов, сондай- ақ спорт журналистикасының ақсақалдары Несіп Жүнісбай, Жүсіп Хисымов, Оңдасын Елубай, Қыдырбек Рысбек, Ғалым Қожабек және тағы басқа азаматтар қатысты. Штаб қызметкерлері кең көлемде ақпарат беріп, атқарылып жатқан шаралар туралы баяндады.

Қазіргі таңда ел қоржынында спорттың 22 түрінен 71 жолдама бар. Лицензиялық жарыстар әлі жалғасуда.

Өзгелердің жаңалығы