«Өләәә!»: Шымкенттік жігіт желіні шулатты

19 Қаңтар 2024, 15:47
21106
Бөлісу:
«Өләәә!»: Шымкенттік жігіт желіні шулатты
VIDEO
Фото: instagram.com/baqdauletorazbek

Әлеуметтік желі қолданушысы Бақдәулет Оразбектің «өлә» сөзінің айтылуы туралы видеосы кеңінен таралып, желі қолданушыларын күлкіге қалдырды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бақдәулет Шымкенттің жігіті. Өңірде жиі қолданылатын «шіли», «өлә», «жаным» сөздерін әртүрлі эмоцияда айтып түсіндіреді. Егер сөздер созылыңқы айтса, онда таң қалып не болмаса қызығушылық танытқанын білдіреді. Егер, аталған сөздерді қатқыл айтатын болса, ұрысып тұрған эмоцияны көрсетеді.

Тик-ток желісінде хит болған бұл видеоның қаралымы 1 миллионға жетіп, 140 мың лайк жинап үлгерген. Оқырмандар тарапынан түрлі пікірлерді де байқауға болады. «Қазақты тек қазақ түсінеді», «Керемет мұғалім, жақсы түсіндірді,» «Мә, әбден күлдім-ау, орыс тілділерге мұнда тегін курс кетті ғой» деп пікір қалдырған.

Өзгелердің жаңалығы