"Ол - қанішер". Байжанов Бишімбаевтың қорғаушысына жауап берді

15 Сәуір 2024, 15:22
1669
Бөлісу:
"Ол - қанішер". Байжанов Бишімбаевтың қорғаушысына жауап берді
Фото: Жоғарғы сот

Бүгін әйелін өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаев пен оның іске қатысы бар деп танылған інісі Бақытжан Байжанов жауап беріп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қуандық Бишімбаев інісі Бақытжан Байжановтың бопсалап жүргенін, ата-анасының пәтерін қайтармай жүргенін айтты.

Бишімбаевтың қорғаушысы Ерлан Ғазымжанов Байжановқа "Қуандық Бишімбаев сіздің оны қаржы жағынан тәуелді екенін айтты. Сіз Бишімбаевтың ата-анасының пәтерін қайтаруға ниеттісіз бе?" деп сұрады.

Байжановтың айтуынша, арада ешқандай келісім мен пәтер де жоқ.

Мүлдем қатысы жоқ құжаттарды айтып отыр. Бишімбаевтың сөзіне қарасақ, жәбірленуші сол сияқты. Ол қанішер ғой, ол адам өлтірді. Сол кезде басқа Бишімбаев еді, қазір мүлдем өзгеріп салды. Ол жылап "қолыммен істегенді мойныммен көтеремін, әке-шешемнің, балаларымның көзіне қалай қараймын" деген болатын, - деді айыпталушы Бақытжан Байжанов.

Еске салсақ, Бақытжан Байжанов Бишімбаев тарапынан қандай қысым көрсетілгенін айтқан болатын. Сондай-ақ, Бишімбаев Байжановтың айтқанын теріске шығарған еді.

Өзгелердің жаңалығы