"Ауылдан шыққандай көрсетіп отыр". Бишімбаев Байжановтың айтқанын теріске шығарды

15 Сәуір 2024, 11:53
1506
Бөлісу:
"Ауылдан шыққандай көрсетіп отыр". Бишімбаев Байжановтың айтқанын теріске шығарды
Фото: Жоғарғы сот

Астанада өтіп жатқан сот процесінде экс-министр Қуандық Бишімбаев Байжанов туралы тосын мәлімдеме жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бишімбаев пен Бақытжан Байжанов екеуінің арасында келісім болған. Келісім бойынша Байжанов жеңілдікпен пәтер алуға тиіс еді. Оның үстіне Гастроорталықтың басшысы шығындардың есеп-қисабын жүргізген.

Ол(ес- Байжанов) бес ай бойы VIP бөлмеге бірнеше рет кіргенін айтпауды сұрап, қоқан-лоқы көрсетіп жүр. Негізі ол сол бөлмеге мүсәтір алып келіп, оны қайта алып кеткен. Мен ол нәрсенің қалай қолдану керегін де білмейтінмін. VIP бөлмеде бес минуттай болды. Бес ай бойы құжаттарды (еск -белгілі бір жоба бойынша) қайтаруды талап етіп келемін, ал ол "егер мен бөлмеге кірмеді деп айтсаңыз, құжаттарды қайтарамын" дейді, - дейді Қуандық Бишімбаев.

Бұған дейін айыпталушы Бақытжан Байжанов Бишімбаев тарапынан қысым көргенін айтты. Айтуынша, Қуаныш Мусин деген азамат оны Салтанаттың отбасына қарсы қоюға тырысқан.

Өзгелердің жаңалығы