Оқушыларға 600 мыңға жуық компьютер таратылды

17 Қараша 2020, 13:06
1546
Бөлісу:
Оқушыларға 600 мыңға жуық компьютер таратылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг барысында ҚР БҒМ мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрайымы Майра Мелдебекова айтты.

Қашықтан оқу форматында білім алып жатқан оқушылар компьютерлермен қамтамасыз етілген. Жаңа оқу жылынан бастап бұл бағытта тиісті шаралар атқарылды. Республикалық бюджеттен және жергілікті атқарушы органдар да бұл мәселеге атсалысты. Қазіргі таңда оқушыларға 600 мыңға жуық компьютер таратылды. Негізгі басымдық көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға беріліп отыр, - деді ол. 

Айта кетейік, бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласы Білім беру басқармасының басшысы Шолпан Қадырова сатып алынатын техникаға қанша қаражат бөлінгені туралы айтып берген болатын.

Еске саламыз, пандемия басында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов  елімізде 300 мыңнан астам оқушының компьютері жоғын айтқан еді.

Өзгелердің жаңалығы