Оқушылар күзгі каникулда неше күн демалады

13 Қазан 2020, 12:24
3119
Бөлісу:
Оқушылар күзгі каникулда неше күн демалады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Каникул кезінде оқушылар 5-14 қараша аралығында 10 күн демалады.

Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Күзгі қаникул кезінде оқушылар 5-14 қараша аралығында 10 күн демалады, - делінген хабарламада.

Тамыз айында білім министрі Асхат Аймағамбетов 2020-2021 оқу жылына арналған демалыс кезеңдерінің басталу күндері мен мерзімдерін бекіткен еді.

Ол бойынша келесі каникул күндері бекітілді:

1-11 (12) сыныптарда: күзде - 10 күн (2020 жылғы 5 қарашадан бастап 14 қарашаны қоса алғанда), қыста - 11 күн (2020 жылдың 31 желтоқсанынан бастап 2021 жылдың 10 қаңтарын қоса алғанда), көктемде - 12 күн (2021 жылдың 20 наурызынан бастап 31 наурызды қоса алғанда);

1-сыныпта: қосымша демалыс - 7 күн (2021 жылдың 8 ақпанынан 14-не дейін). 
Өзгелердің жаңалығы