«Oil Construction Company» бас директорының орынбасары ұсталды

22 Қараша 2023, 14:19
521
Бөлісу:
«Oil Construction Company» бас директорының орынбасары ұсталды
Фото: Арман Мухатов - архив

Кәсіпкерлерден пара алды деген күдікпен компанияның бас директорының орынбасары ұсталды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Арман Тілеукенов осылай деді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Маңғыстау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет квазимемлекеттік сектор саласындағы заңсыз баюдың жемқорлық сызбасын анықтады. Жүргізілген жедел тергеу іс-шараларының нәтижесінде «Oil Construction Company» ЖШС бас директоры орынбасарының бизнес өкілдерінен бірнеше рет пара алғаны әшкереленді. Күдікті Маңғыстау облысы тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз етуге бағытталған «Кендірлі» демалыс аймағында теңіз суын тұщыту зауытын салу» инвестициялық жобасын іске асыру аясында ақшалай қаражатты кедергісіз аудару үшін пара алған, - деді агенттіктің ресми өкілі.

Оның сөзінше, күдікті сот санкциясымен қамауға алынды.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды, - дейді Арман Тілеукенов.

Өзгелердің жаңалығы