Облысқа 6 трлн теңгеге жуық инвестиция тартылды – Қасымбек

8 Сәуір 2021, 21:35
1192
Бөлісу:
Облысқа 6 трлн теңгеге жуық инвестиция тартылды – Қасымбек

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тәуелсіздіктің 30 жылы ішінде облысқа 6 трлн теңгеге жуық инвестиция тартылды.

Бұл туралы облыс басшысы Жеңіс қасымбек facebook-тегі парақшасында жазды. 

Осы арқылы 130-дан астам ірі және орта кәсіпорындар іске қосылды. Оның ішінде шетелдік компаниялардың қатысуымен  құрылған кәсіпорындар бар.
Өкінішке қарай, олардың арасында, толық қуатына шықпай, жабылған өндірістер де болды. Бұл ретте «КазАвиаСпектр» ауылшаруашылық ұшақтарының өндірісі жиі мысалға келтіріліп жатады. Бұл қатарда шамамен 4 жыл жұмыс істеген Kaztherm болат панельді радиаторлар зауыты да бар. Өткен жылы Tau-Ken Temir кремний зауыты жабылды. Қазіргі уақытта «Самұрық-Қазына»  ҰӘҚ қолда бар қуаттардың базасында болат балқыту және ферроқорытпа өндірісін іске қосу бойынша екі  инвестормен келіссөздерді жүргізуде, - деп жазды ол.
Бірақ статистикалық тұрғыдан алғанда аймақтағы банкрот болған  компаниялардың үлесі өндірістің жалпы санының бір пайызынан да аспайды. Мысалы, АҚШ-та жыл сайын компаниялардың 10% банкротқа ұшырайды. Бұл табиғи экономикалық процесс.

Соңғы жылдары іске қосылған жобалардың 95% - дан астамы табысты жұмыс істеп, бастапқы кезеңнің қиындықтарын еңсеріп, көбісі ірі салық төлеуші және жұмыс берушіге айналды. Бұл қуантарлық жайт.
Соңғы 10 жылда ашылған осындай өндірістердің қатарында  «Борусан Макина Қазақстан» ауыр техникаға қызмет көрсету орталығы бар. Осы орталықтың арқасында біздің кәсіпорындарымыз шет елдерде мегамашиналарды жөндеу бойынша үлкен шығындарын қысқарта алды, - деді ол.

Бұл қатарда  пандемия кезінде «Спутник V» вакцинасын шығара бастаған Қарағанды фармацевтикалық кешені бар. Осы айда мұндағы  вакцина өндіру көлемі 1 млн дозаға дейін ұлғайтылады.

Осакаров ауданында «Евразия Инвест Ltd» ЖШС неміс технологиясы бойынша табиғи бие сүтінен құрғақ ұнтақ шығаруды жолға қойды.

Тау-кен және мұнай компанияларының сұранысын қанағаттандыру үшін Karazhal Operating барит кенін қайта өңдейтін зауыт, Maker ЖШС машина жасау зауыты, YDD Corporation ферросилиций өндіру зауыты, «Бёмер» шарлы крандар мен ілмекті арматура өндірісі, Seven Refractories Asia отқа төзімді материалдарды өндіру бойынша заманауи жоғары технологиялық зауыттары ашылды, - деп жазды Қасымбек.

Еліміз үшін сирек кездесетін кәсіпорындар да бар. Мысалы, Recycling Company компаниясы пайдаланудан шыққан көлік құралдарын кәдеге жаратып, синтез газ бен пеш отынын шығарады.

«Сарыарқа» ЕЭА аумағында 8 өндіріс жұмыс істейді, 12 өндіріс әлі іске асырылу сатысында. 2020 жылы ЕЭА аумағында екі жоба іске асырылды. Олардың қатарында Steel Manufacturing ЖШС жез бұйымдарын өндіру және Polymet Solutions Corporation резеңке техникалық бұйымдар өндірісі бар. Сонымен қатар өнеркәсіптік жарылғыш заттарды шығаратын зауытты іске қосу және 4 жобаның құрылысын бастау жоспарланған.

Жақын арада іске қосылатын нысандардың қатарында Жәйремдегі байыту фабрикасы, Қарағандыдағы ферроқорытпа зауыты және «Қазкарбон» агломерациялық фабрикасын, Саран қаласындағы автобус өндірісінде ұсақ тораптарды құрастыруды іске қосу жоспарланып отыр. 

Биыл барлығы 14 жаңа өндіріс іске қосылып, 2600 адам  жұмыспен қамтамасыз етіледі.

Өзгелердің жаңалығы