Облыс әкімі түнгі Ақтөбені қарап шықты

25 Қаңтар 2022, 08:16
1139
Бөлісу:
Облыс әкімі түнгі Ақтөбені қарап шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 24 қаңтар, дүйсенбі күні облыс әкімі Оңдасын Оразалин Ақтөбені көркейту жұмыстарының барысымен танысты.

Облыс басшысы өңірдегі биік нысандардың бірі - телемұнараны қарап шықты. Қазіргі таңда 180 метрлік нысанды иллюминациялық безендіру жұмыстары жалғасуда.

Монтаждау жұмыстарын былтыр бітірдік. Қазір түстердің үйлесімін таңдап жатырмыз, түстер өзгеріп отыратын болады. Апта соңына аяқтаймыз,- дейді "КМК Строй" ЖШС мердігер мекемесінің өкілі Ұлан Қозбақов.

Кейін облыс әкімі Нұр-Ақтөбе тұрғын үй алабының 1-ші шағын ауданындағы шағын бақтың құрылыс барысымен танысты. Шағын бақтың жалпы аумағы - 24 мың м2. Қырлы кеспе тастар төселіп, суару жүйесі, жарық шамдар, орындықтар, әткеншектер және т.б. қондырылды. Жылу келісімен көгалдандыру жұмыстары басталады.

Мұнда жасыл желек, талдар көп болсын. Демалатын жаңа орын болды. Нұр-Ақтөбеде сондай-ақ, балалар үйлеріне жақын жерде орналасқан үйірмелер мен секцияларға бара алатындай сауықтыру кешені мен оқушылар сарайын салуды жоспарлау керек,- деп Оңдасын Оразалин қала басшылығына тапсырды.

Айта кетейік, Нұр-Ақтөбенің 4-ші шағын ауданында тағы бір шағын бақ салу жоспарда бар. Шағын бақты салатын орын алынып қойған.

Өзгелердің жаңалығы