НЗМ түлегі әлемнің танымал бірқатар университетінен шақырту алды

28 Мамыр 2019, 12:37
2778
Бөлісу:
НЗМ түлегі әлемнің танымал бірқатар университетінен шақырту алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды қаласындағы Зияткерлік мектептің түлегі Айгерім Ахметжанова әйгілі Лига плющаның – Браундық және Пенсильвандық университеттерінен шақырту алды. Бұл туралы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ баспасөз қызметі хабарлады.

Айгерім АҚШ-тың көне ұлттық оқу орындарының бірі – беделді Браундық университетті таңдаған ол, химияны тереңдете иегеретін болады. Америкалық ЖОО жоғарғы білімнің эталоны саналатын «Лига плющаның» сегіз мүшесінің бірі.

Ахметжановтар үшін таңдаулы ассоцияцияның университеттеріне түсу отбасылық дәстүрге айналған. Осыдан үш жыл бұрын Айгерімнің туған әпкесі – Қарағанды қаласы НЗМ мектебінің 2016 жылғы түлегі Айжан Ахметжанованың Принстон университетіне толық грантқа түскеніне еліміз қуанған болатын. Айгерімнің әлемдік деңгейде беделді университетке түсуге дайындалуына әпкесінің жетістігі ықпал еткен.

«Менің әпкем Принстонға оқуға түскенде, 9 оқып жүрдім. Ол мен үшін үлкен мотивация болды. Мен Қазақстанның оқушыларына әлемнің кез келген ЖОО-ның есігі ашық екенін түсіндім», - деп ағынан жарылды Айгерім Ахметжанова.

НЗМ түлегі әлемнің танымал бірқатар университетінен шақырту алды

НЗМ түлегі республикалық, әлемдік деңгейдегі химия пәнінен өткен олимпиадалардың жеңімпазы. «Применение Неньютоновской жидкости на основе ее химических и физических свойств» ғылыми жобасының авторы. Айгерім – Алтын белгіге үміткер, халықаралық емтихандардан IELTS – 8.0/9.0, SAT Subjects Tests: SAT Chemistry – 800/800 и SAT Mathematics Level 2 – 780/800, ACT – 32/36 сынды жоғары нәтижелер көрсеткен. Оқудағы жетістіктерінен бөлек, бала күнінен музыкамен шұғылданады. «Вокал және фортепиано» класы бойынша музыка мектебін тәмамдаған.

Сондай-ақ, Қарағандыдағы Зияткерлік мектеп түлегін Канаданың үздік университеті University of Toronto, АҚШ-тағы Franklin&Marshall College, Сингапурдағы Yale-NUS College және Түркиядағы Koc University шақырған.

Болашақта Айгерім Ахметжанова өз өмірін ғылыммен байланыстырып, химия саласында PhD докторы дәрежесін алып, Қазақстандағы ғылымды дамытуға үлесін қосуды көздейді. 

Өзгелердің жаңалығы