Нысана көздеуден Қазақстан командасы Алматыға ұшып келді

2 Қараша 2023, 18:41
564
Бөлісу:
Нысана көздеуден Қазақстан командасы Алматыға ұшып келді
PHOTO
Фото: автордан

 Мергендер Оңтүстік Кореяның Чангвон қаласында өткен спорттық атудан Азияның лицензиялық чемпионатына қатысқан болатын, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

2023 жылдың 22 қазаны мен 2 қарашасы аралығында Чангвонда (Оңтүстік Корея) спорттық атудан Азияның лицензиялық чемпионаты өтті. Жарысқа 30 елден 800-ден астам спортшы қатысты. Азия чемпионатының нәтижесі бойынша алдымен Арина Алтухова, одан кейін Константин Малиновский Париждегі (Франция) 2024 жылғы Олимпиада ойындарына қатысуға лицензияны ұтып алды.

Нысана көздеуден Қазақстан командасы Алматыға ұшып келді

 Жарыс жоғары деңгейде өтті. Бұл чемпионатқа жақсы дайындалдық. Қолымыздан не келетінін көрсеттік. Жалпы жарыс алаңында ештеңеге алаңдамай, назарымды тек мылтық және нысана аудардым. Сөйтіп Олимпиадаға жолдама алдым. Бірақ мұнымен жұмыс тоқтамайды, әрі қарай еңбек етеміз, - деді Константин Малиновский.

Ал Арина Алтухова Олимпиадаға жолдама алу, армандарының бірі болғанын атап өтті. 

Нысана көздеуден Қазақстан командасы Алматыға ұшып келді

-Жарысқа моральдық-физикалық тұрғыдан толық дайын болдым. Финалда Олимпиада лицензиясын ұтып, үмітті ақтай алдым деп ойлаймын. Шешуші сайыста 3 үнді, 2 қытай және 2 корей қыздары маған қарсылас болды. Мен Қазақстаннан жалғыз болғаныма қарамай, барымды салдым. Жалпы төртжылдықтың бастысы жарысына жолдама алу - менің орындалған арманым десе болады. Енді Олимпиадада жеңіске жетуге ұмтыламын, - деді Арина Алтухова.
 

Өзгелердің жаңалығы