Нығматулин: Депутаттар бюджет заңнамасы туралы заң жобасын қарайды

16 Сәуір 2021, 13:20
1466
Бөлісу:
Нығматулин: Депутаттар бюджет заңнамасы туралы заң жобасын қарайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Палата Бюросы өтіп, онда алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.

Бюро отырысында депутаттар қарауына «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне бюджет заңнамасын жетiлдiру мәселелері бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» заң жобасын I оқылымда қарау ұсынылды.

Бұл заң жобасы бюджет саясатының және бюджет қаражатын жоспарлау мен пайдалану процесінің тиімділігін арттыру мақсатында бюджет шығыстарының қайтарымдылығын арттыруға бағытталған бюджет процесін реформалауды көздейді.   

Сонымен қатар күн тәртібінің жобасында инклюзивті білім беру мәселелеріне қатысты заң жобасы бар.

Бұл құжат ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балалардың сапалы білімге тең қол жеткізуіне қатысты бірқатар заң жобаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізуге бағытталған.

Өзгелердің жаңалығы