Нығматулин: Ата Заң – қуатты мемлекеттің негізі

30 Тамыз 2020, 10:01
1517
Бөлісу:
Нығматулин: Ата Заң – қуатты мемлекеттің негізі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин қазақстандықтарды мемлекеттің айтулы мерекесі Конституция күнімен құттықтады.

Сіздерді еліміздің мәртебелі мерекесі – Конституция күнімен құттықтаймын! Осыдан 25 жыл бұрын Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев іргесін қалаған Ата заңымыз тәуелсіздігімізді нығайтып, халықтың бірлігі мен ынтымағын арттырды, - деп жазды Мәжіліс төрағасы Twitter-дегі парақшасында.


Сонымен қатар, Мәжіліс төрағасы өз құттықтауында Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Конституцияда белгіленген қағидаттарының арқасында Қазақстан бүгінде заманның сын-қатерлеріне жауап беріп, Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаев ұсынған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сәйкес дамып келе жатқанына тоқталды. 

Сондай-ақ, Нұрлан Нығматулин 1995 жылы қабылданған Конституцияның арқасында кәсіби Парламент құрылғанын айтып, Конституцияда бекітілген қоғамдық келісім, саяси тұрақтылық және патриотизм - ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен қазақстандықтардың әл-ауқатын арттырудың кепіліне айналғанына назар аударды. Мәжіліс төрағасы Тәуелсіздіктің тұғырына айналған Ата заң әрбір қазақстандық үшін қымбат екенін алға тарта келіп, барша халқымызға амандық, елімізге құт-береке тіледі.



Өзгелердің жаңалығы