Нұржігітов: Инвестициялық жобалардың негізгі мақсаты – жаңа жұмыс орындарын құру

3 Мамыр 2023, 16:41
679
Бөлісу:
Нұржігітов: Инвестициялық жобалардың негізгі мақсаты – жаңа жұмыс орындарын құру
Фото: Жамбыл облысы әкімдігінен

Қордай ауданында биыл жалпы құны 32,5 млрд теңге болатын 118 инвестициялық жоба қолға алынып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Инвестициялық штабтың кезекті отырысында Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов Қордай ауданы әкімінің, Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы басшысының есептерін тыңдады.

Қордай ауданының әкімі Бегзат Болатбековтің айтуынша, биыл жалпы құны 32,5 миллиард теңгені құрайтын 118 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған. Ол бойынша 456 жаңа жұмыс орны ашу көзделген. Жобалардың қатарында сүт-тауарлы фермасын, құс фабрикасын, макарон цехын, көкөніс қоймасын, этно-туризм орталығын салу және тағы басқалар бар.

Қазіргі таңда аумақта «Monterra Qasaqstan» ЖШС тау-кен металлургия комбинатының, «KORCEM» ЖШС цемент зауытының құрылыстары жүзеге асуда. Ірі жобалардың қатарында «Eco – Chicken» модульдік құс фабрикасын салу (жылына 540 тонна құс етін өңдеу), «TARAZ EKO FISH» ЖШС форель өсіру (жылына 67 тонна өнім) бар.

Инвестициялық жобалардың негізгі мақсаты – жаңа жұмыс орындарын құру. Ал бұл үшін аудан әкімдері жұмыспен қамту саласындағы ахуалға үнемі талдау жүргізіп отыруы тиіс. Сонда ғана жұмыссыздық мәселелерін шешуге бағытталған нақты іс - қимыл алгоритімін құруға болады, - деді облыс әкімі.

Ал, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының м.а. Нағима Темірбекова 2022 жылдан 2025 жылға дейін жоспарланған тауарлы балық өндіру жобалары туралы баяндады. Аймақ басшысы бір апта ішінде бұл бағыттағы өзекті мәселелерді мұқият зерделеп, жан-жақты талдау жүргізуді тапсырды.

Инвестштаб барысында «Tas Market-Komir» ЖШС компаниясының өкілдерімен қуаттылығы жылына 45 мың тонна ферроқорытпалар шығаратын зауыт салу, «Асқар-Тау» ЖШС – тауарлық бетон шығару жөніндегі жобаға байланысты өзекті мәселелер талқыланды.

Өзгелердің жаңалығы