Нұржан Әлтаев аса ірі көлемде пара алғаны үшін 10 жылға сотталды

21 Қараша 2023, 17:41
556
Бөлісу:
Нұржан Әлтаев аса ірі көлемде пара алғаны үшін 10 жылға сотталды
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ - архив

Сот сыбайлас жемқорлық бойынша күдікті экс-вице-министрге қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты аса ірі мөлшерде пара алу фактісі бойынша экс-вице-министр А.-ға қатысты үкім шығарды (ҚК 366-бабының 4-бөлігі).

Экс-вице-министр 2018 жылдың ақпанынан 2020 жылдың шілдесіне дейін «Атамекен» ҰКП мүдделері үшін тиімді ресми шешім қабылдауға ықпалдасып, делдал арқылы М.-дан жалпы сомасы 115 мың АҚШ доллары және 8 млн.150 мың теңге ақшаны пара ретінде алды. Сотталушының кінәсі куәгерлердің айғақтарымен, ұялы телефондағы хат-хабарлармен, жасырын тергеу әрекеттерінің жазбаларымен, сараптама актілерімен, заттай дәлелдемелермен және т.б. дәлелденді, - делінген хабарламада.

Сотта прокурор айыптауды қолдап, 12 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.

Сотталушы ақтауды өтінді.

Сот қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде жас балаларының болуын таныды.

Қабылдаған антын бұзуы ауырлататын мән-жай ретінде танылды.

Сот үкімімен экс-вице-министр А. ҚК-нің 366-бабының 4-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырыла отырып, 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды, - делінген Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты таратқан хабарламада.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты

Өзгелердің жаңалығы