"Нұрлы жол" бағдарламасы аясында 10 мың шақырым жол жөнделді

23 Сәуір 2020, 17:37
1948
Бөлісу:
"Нұрлы жол" бағдарламасы аясында 10 мың шақырым жол жөнделді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында 2019 жылы инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасы аясындағы жұмыстарды жүзеге асыру жөнінде онлайн баспасөз конференция өтті.

Іс-шараға ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Сайранбек Бармақов қатысты.

2019 жылы инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасы аясындағы жұмыстарды жүзеге асыру аяқталды. Оның аясында республикалық маңызы бар көлік жолдарының 3 мың шақырымы құрылыс жəне қайта жаңарту жұмыстарынан өткізіліп, шамамен 10 мың шақырым жол жөнделді. Жолдардың 682 шақырымында төлем алу жүйесі енгізілді. Көлік жолдары саласындағы жұмыстарға 100 мыңға жуық адам жұмылдырылды, - деді спикер. 

Сонымен қатар, жергілікті маңызы бар жолдардың 15 мың шақырымы жөнделгендігін айта кетті. 

Аталмыш шаралар республикалық маңызы бар көлік жолдарының үлесін 88%-ға дейін жеткізуге мүмкіндік берді. Жергілікті маңызы бар көлік жолдарының үлесі 71%-ға дейін артты. І жəне ІІ техникалық санаттағы республикалық маңызы бар жолдардың ұзындығы 34%-ға (8,2 мың шақырым) дейін ұлғайтылды, - деді комитет төрағасы. 

Сонымен бірге, брифинг барысында 2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасының міндеттері айтылды. 

Өткен жылғы желтоқсанда Үкімет қаулысымен инфрақұрылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасы бекітілді. Бағдарлама аясында алдағы 6 жылда 10 мың шақырым жолды салу жəне реконструкциялау (оның ішінде 3,8 мың шақырым – өтпелі жобалар), республикалық желідегі 11 мың шақырым көлік жолын күрделі жəне орташа жөндеуден өткізу жоспарланған. "Нұрлы жол" бағдарламасы бойынша бұл саланы қаржыландырудың жалпы көлемі  3,5 трлн теңгені құрайды. Көлік жолдарының үлесі 100%-ға дейін жеткізілсе,  I жəне II техникалық санаттағы жолдардың ұзындығы 60%-ға дейін артады, - деді брифингке қатысушы. 

Сонымен қатар, ол Елбасының ел өңірлерін көліктік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету қажеттігі жөніндегі тапсырмасына сəйкес жергілікті жолдардың  27 мыңнан астам шақырымын жөндеу жоспарланғандығын тілге тиек етті. 

Бұл облыстық жəне аудандық маңызы бар жолдардың 95% пайызын қанағаттандырарлық жағдайға жеткізуге мүмкіндік береді, - деді Сайранбек Бармақов.
Өзгелердің жаңалығы