«Нұрлы жер». Шымкентте 51 үй салынады

10 Мамыр 2022, 17:15
1398
Бөлісу:
«Нұрлы жер». Шымкентте 51 үй салынады

Нұр-Сұлтан, ВAQ.KZ. Биыл Шымкентте «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 239,2 мың шаршы метр болатын 2972 пәтерлі 51 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысын жүргізу жоспарланған. Оның ішінде арендалық 20 үй (1320 пәтер), кредиттік 31 үй (1652 пәтер) бар.

Қала әкімі тұрғын үйлердің құрылысымен және инженерлік инфрақұрылыммен қамтылу барысымен танысты.

Осы жылы 51 үйдің барлығын пайдалануға беру жоспарланған. Оның ішінде 41 тұрғын үйдің құрылысы Тұран шағын ауданында жүргізілсе, 10 тұрғын үйдің құрылысы әкімшілік-іскерлік орталығында жүргізілуде.

Тұранда құрылысы жүргізіліп жатқан 41 тұрғын үйдің үшеуі жазға дейін пайдалануға тапсыру жоспарланған. 1 шілдеге дейін 6 үйді пайдалануға беру жоспарда болса, қалған 32 үй жыл соңында қолданысқа беріледі.

Тұран шағын ауданын электрмен қамту жұмыстарының екінші кезеңі жүргізілуде. ішкі жүйлерді қамту жыл соңына дейін аяқталса, жарықтандыру мен бағдаршамдар орнату 2023 жылға көзделген. Кәріз және табиғи газбен қамту жұмыстарының да кестеге сәйкес 2-кезегі жүргізілуде. Магистралды жүйелер орнатылған соң ғана ішкі жүйелер жүргізілмек.

Мегаполис әкімі М.Әйтенов үйлердің сапалы соғылып, мерзімінде аяқталуын тапсырды.

Өзгелердің жаңалығы