Нұрділда Ораз жолда есерсоқтық жасайтын жүргізушілер туралы айтты 

17 Қараша 2021, 12:45
755
Бөлісу:
Нұрділда Ораз жолда есерсоқтық жасайтын жүргізушілер туралы айтты 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз «Желмая» жобасында айтты.

Жыл басынан бастап 2,5 млн жол-көлік оқиғасы тіркелсе, оның 550 мыңы шетелдік көліктердің қатысуымен жасалған. Бұл жалпы көрсеткіштің 20 пайызын құрайды. 10-15 күннің ішінде 6 көлік оқиғасы тіркеліп, 8 адам қайтыс болып, 11 адам жарақат алды. Осының барлығы ресейлік көліктерінің қатысуымен жасалып жатыр, – деді Ораз.

Оның айтуынша, кейде бір отбасын жалмап кететін апаттар да болып жатады.

Көліктер тіркеуде жоқ болғаннан кейін жүргізушілер ертең айыппұл салынбайтынын біліп, жолда есерсоқтық , даңдайсоқтық жасайды. Ол адамның табиғатында бар дүние. Өздерін жауапкершіліктен құтылып кетеміз деп ойлайды. Сондықтан ресейлік нөмірлі автокөліктерді тіркеу үлкен маңызға ие болып отыр, – деді Нұрділда Ораз.

Өзгелердің жаңалығы