Нұрдәулетов ТМД-ға мүше мемлекеттердің қауіпсіздік кеңесі хатшыларының XI кездесуіне қатысты

8 Қараша 2023, 19:04
506
Бөлісу:
Нұрдәулетов ТМД-ға мүше мемлекеттердің қауіпсіздік кеңесі хатшыларының XI кездесуіне қатысты
Фото: Ақорда

Мәскеу қаласында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше елдердің қауіпсіздік кеңесі хатшыларының XI кездесуі өтті. Оған Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Ғизат Нұрдәулетов қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Ақорданың ресми сайты мәлімдеді.

Кездесуге қатысушылар Достастық кеңістігіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз етудің өзекті мәселелері жөнінде жан-жақты пікір алмасты.

Тараптар қазіргі жағдайдағы халықаралық қауіпсіздіктің сын-қатерлері мен қауіптеріне, гибридті қауіп күшейген кезде қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге, сондай-ақ суды пайдалануға және ТМД елдеріндегі су ресурстарын бірлесіп басқару, пайдалану және қорғау саласындағы ынтымақтастыққа қатысты мәселелерді талқылады.

Ғизат Нұрдәулетов әріптестеріне өңірлік қауіпсіздіктің негізгі бағыттары бойынша Қазақстанның ұстанымы туралы мәлімет берді. Сондай-ақ мемлекетіміздің мүддесін ескере отырып, өзара іс-қимылды дамыту жөнінде бірқатар ұсыныс айтты.

Өзгелердің жаңалығы